Карта. Бейне. Мотор!
Бейнелерді жүктеп, сыйлықтар ұтысына  қатысыңыз 

Сүйікті кафе, дүкен немесе саябақтарыңыз бар ма? Енді сіз олар туралы айтып қана қоймай, оларды көрсете де аласыз! Бейнелерді жүктеп, басқа адамдарға керемет жерлерді табуға көмектесіп  — жаңа байқауда сыйлықтар ұтып алыңыз!
Қалай қатысуға болады?
Компания немесе орын карточкасын ашып, «Фото» бөліміне өтіп, «Фото мен бейне қосу» батырмасын басыңыз. Бейнені жүктеу туралы толығырақ  —  мақалада жазылған.
Айтпақшы, сіз жақында барған барлық орындарды профильдегі  «Менің орындарым» бөлімінен табуға болады.
Виртуалды марапаттарға ие болыңыз және сыйлықтар ұтысына қатысыңыз. Екі марапатты да жинап  — жеңіске жету мүмкіндігіңізді арттырыңыз!

Марапаттар

1 орынға қосылған бейне үшін  сыйлықтар  ойнатамыз
3 орынға қосылған  бейнелер үшін — супер сыйлықтар  ойнатамыз.
Байқау туралы негізгі ақпарат
Фото мен пікірлерді қашан жүктеу керек?
19 наурыз 00:00 бастап 1 сәуір 23:59 дейін (Мәскеу уақытымен).
Кім қатыса алады?
Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және Армения елдеріндегі 2ГИС-тің авторизацияланған пайдаланушылары. Бейнелерді осы елдердің әртүрлі қалаларында жүктеуге болады.
Жеңімпазды қалай анықтайды?
Жеңімпаздар байқау марапаттарына ие болған пайдаланушылар арасынан кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады. Сыйлықтарды ақшалай баламаға ауыстыру қарастырылмаған.
Байқау қорытындысын қалай білуге болады?
Қорытындыны осы сайтта, Вконтакте тобында және Telegram каналында 7 сәуірге дейін жариялаймыз. Сыйлықтар 7 маусымға дейін жіберіледі.
Қандай бейнені жүктеуге болады?
mp4, m4v, mov, HEVC (4 – 60,99 сек, 100 Кб – 1 Гб) форматтарындағы бейнелерді жүктеңіз. Ажыратымдылығы: 359×359 – 4K, кез келген бағдарда қолдау көрсетіледі.
Бейнелерді компаниялар мен геолокацияға қосуға болады. Толығырақ — сілтеме бойынша.
Сапалы бейнені қалай жасауға болады?
Жақсы жарықта түсіріңіз, камераны бірқалыпты бағыттап, назарыңызды — интерьер, мәзір, кіру есігі сияқты маңызды бөлшектерге аударыңыз. Шамадан тыс жарнамалар мен эффекттерден аулақ болыңыз, модерация ережелерін сақтаңыз. Бейне ақпаратқа толы, табиғи және қарауға ыңғайлы болуы керек. Басқа да көптеген пайдалы кеңестер — біздің мақалада.
Қандай бейнелер жарайды?

Сұрақтарды қай жерде қоюға болады?
Сұрақтарыңыз болса, бізге Спецагенты 2ГИС тобында және телеграм-каналына немесе agents@2gis.com мекенжайына жазыңыз.